Sonda bari keremet bolady Ер азамат жұбайынан нені күтеді?
1. Отағасы жұбайының бей-берекет бөгде ерлермен араласпағанын, егер қажеттілік бола қалған жағдайда орнымен сөйлеп, шектен шықпағанын;
2. жұбайының өзінің сырт келбетіне көңіл бөлгенін және үнемі таза әрі әдемі болып жүргенін;
3. өзіне керек екенін сездіргенін;
4. дөрекі сөйлемей, өзін құрметтеп, сыпайы қарым-қатынас жасағанын;
5. рухани қолдау көрсеткенін және өзіне сенгенін;
6. өзінің құпиялары мен кемшіліктері туралы ешкімге, тіпті жақын туысқандарға да айтпағанын;
7. өзін сыйламай, өзге ерлердің артықшылықтары туралы айтпағанын;
8. жұмыстан келгенде күлімдеп қарсы алып, жағдайын жасағанын;
9. ата-анасын құрметтегенін;
10. кішігірім кемшіліктеріне назар аудармай, кешірімді болғанын;
11. балалардың көзінше ұрыс-керіс шығармағанын;
12. отбасылық құпияны өзгелерге айтып, ерін жамандамағанын;
13. орынсыз қызғанбағанын;
14. балаларға білім мен дұрыс тәрбие бергенін;
15. өсек-аяңға, күмәнға себеп болатын әңгімелерден, артық ауыз сөздерден аулақ болғанын қалайды.🌿